Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетел азаматы ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Ақмола облысының астаналық аймағында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қарасора – 2024" ЖПІШ өткізу шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Целиноград ауданының 57 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйін тінту барысында канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылып, тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды.

"Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды. Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты, оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 грамм кептірілген қарасора бар . Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды", делінген полиция хабарламасында.

Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты