Қызылордада бильярд ойнаймыз деп жиналғандардың бірі екіншісін пышақтап, 4 жыл жаза арқалады

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласының №2 сотында бильярд клубында төбелесіп, қарсыласына пышақ сілтеген екі адамның біріне қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарында сотталушы Н. бильярд клубында танысы И. мен А. үшеуі кездесіп, бірге спирттік ішімдік тұтынғаны, олар көңілді отырысты жалғастыру үшін сотталушы Н-ның тұрғылықты мекенжайына барғандары, ас бөлмеде сотталушы Н. мен жәбірленуші А-ның араларында түсініспеушілік туып, төбелескені айтылады. Осы сәтте сотталушы жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында асхана пышағымен оның сан тұсынан соққы жасаған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші А. сотталушыға кешірім беретінін, моральдық шығын өтелгенін, оның бас бостандығын айырмайтын жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын айтып көрсеткен.

"Сотталушы Н. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ооған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді".Қызылорда қаласының №2 соты
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады