ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы министр 7 қазанда Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады", делінген жазбада.

Бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқаны хабарланған болатын. Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Кейін полиция Талғардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстаған сәттерінің видеосын жариялады. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады