Атырауда көпбалалы ана өзгенің ақшасын құмар ойынға салып жіберген

Сурет: freepik
Атырау қаласының тұрғыны өзгенің ақшасын құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қалалық №2 соты алаяқтық фактісі бойынша көпбалалы ананы кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

"Дегенмен сотталушының асырауында кәмелетке толмаған төрт баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы үш жыл мерзімге кейінге қалдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді", делінген сот хабарламасында.

Сотталушы өзінің атына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, Атырау қаласы аумағында майлық сүрткісі мен балаларға арналған жөргектер сатумен айналысқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, шотына ақша аудартып алған ол кейін өз міндеттемесін орындамаған, яғни тауар жібермеген. Ал одан түскен 500 мың теңгені ол құмар ойынға салып жіберген.

Бұған дейін алаяқтар "Халық заңгері" республикалық акциясының атын жамылып, жұртты алдап жатқаны хабарланған. Акцияны ұйымдастырушылар заңгерлердің тегін кеңесі онлайн жүргізілмейтінін ескертеді.

Атырау
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды