Елордада өткен түнде 140-тан астам жол апаты болып, 12 адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
12 қазанда кешкісін Астанада 120 жол-көлік оқиғас тіркеліп, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол – көлік оқиғасы тіркелді, 12 адам дене жарақатын алды", - деді ведомстводан.

Сондай-ақ 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, тежегішті қатты баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген жерлерде көлікті қалдыруды, сондай-ақ патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды.

"Аталған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз және қолайсыз метео жағдайға байланысты қала сыртындағы трассаларда көлік қозғалысы мезгіл-мезгіл шектелетінін ескере отырып, ұзақ сапарға шығудан бас тарта тұруды ұсынамыз. Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек. Өз қауіпсіздігіңіздің мүддесі үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге, жарық қайтаратын элементтерді пайдалануға, құлаққап тақпай, жолдан өту кезінде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз", – деп толықтырды ПД.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс