Түркістан облысында саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Мақтаарал ауданында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізу барысында саудагердің сауда орны мен үйіндегі гаражынан 50-ден астам ыдысқа салынған, яғни 45 келіден астам насыбай өнімін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық базарда сыпырғы сатумен айналысатын тұрғын насыбай өнімін арнайы баклашкаларға салып, сату үшін әзірлеп қойған. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты "Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау" бабымен шара қарастырылуда. Тәркіленген тыйым салынған заттар жойылды.

Учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Егер сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылатынын тұрғындарға айтылды. 


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады