Абай облысында ауыл имамы көлігімен оқушы қызды қағып, мерт етті

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында Toyota RAV-4 автокөлігі 11 жасар қызды қағып, мерт етті. Көліктің тізгінінде жергілікті мешіттің имамы болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 14 қазанда болды. 44 жастағы жүргізуші қыз баланы сағат 11:40 шамасында қаққан. Апат салдарынан зардап шеккен қызды көлік жүргізушісі дереу ауруханаға жеткізді.

"Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан Үржар ауданының ауруханасында көз жұмды. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді департаменттен.

Облыстың бас имамы Асқар Мұқанов бұл ақпаратты растады.

"Автокөліктің рөлінде шынымен де ауыл мешітінің имамы болған. Оның айтуынша, жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмаған. Куәгерлердің айтуынша, қыз үйлердің бірінің ауласында байланған иттің үргенінен қорқып, жолға қарай жүгіріп шыққан. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген", делінген ресми хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды