Жоба республика аумағында өз өндірісін құруды және тұрмыстық газ баллондарын кәдеге жаратуды көздейді.
Атап айтқанда, жоспарланған:
- Заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, тұрмыстық газ баллондарын міндетті таңбалауды әзірлеу және енгізу — 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрмыстық газ баллондарын өндіру мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру және жолға қою — 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрмыстық газ баллондарының паркін жаңартуды қамтамасыз ету — 2028 жылғы желтоқсан.
- "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында тұрмыстық газ баллондарын өндіру мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету — 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан.
- Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбеде ЭҚЖЖ сәйкес тұрмыстық газ баллондары көзделсін — 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
- 2014 жылға дейін өндірілген тұрмыстық газ баллондарын әкелуге және әкетуге шектеу қою мәселесін пысықтау — 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
- "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Қазақстан Республикасының аумағында тұрмыстық газ баллондарын біріңғай жеткізушісі болып белгіленсін — 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Іс-қимыл жоспарының орындалуына жауапты мүдделі ұйымдарға (келісім бойынша):
- іс-қимыл жоспарын Іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
- есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп берсін.
Министрлікте атап өткендей, тұрмыстық газбен жабдықтаудың негізгі элементтерінің бірі тұрмыстық газ баллондары болып табылады. Сонымен қатар, урбанизацияның қарқынды өсуі және ресурстарды тұтынудың артуы жағдайында азаматтардың қауіпсіздігі мен экологиялық таза өмірін қамтамасыз ету қажет.
"Жоба қабылданған жағдайда осы саланы мемлекеттік реттеу енгізілетін болады", - делінген түсіндірмеде.
Құжат 12 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.