Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген

2024 жылғы 4 қарашада Павлодар қаласының № 2 соты тұрғынжайға заңсыз басып кіру және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау (ҚК 149-б. 1-б., 120-б. 1-б.) фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс жабық сот отырысында қаралды. Сондай-ақ істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Сотта жәбірленушінің өкілі мен оның адвокаты келтірілген моральдық зиян өтелгендіктен сотталушымен татуласқандарын және оған ешқандай талаптары жоқ екенін айтты. Сондықтан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінді. Ол және оның адвокаты шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


"Сот кінәсін толық мойындауын және моральдық зиянның өтелгенін, басқа да жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Осыған байланысты, З-ға ҚР ҚК-нің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша қарастырылған жазаның ең төменгі мөлшері - 5 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындалды. Сот жәбірленушінің заңды өкілі мен адвокаттың пікіріне қарамастан, шартты жаза үшін негіз жоқ деп тапты. Бұл ретте сотталушы З., мүгедек болып табылатын жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып қылмыс жасағаны ескерілді. Сондай-ақ сот жәбірленушінің үйіне оның еркінен тыс түнгі уақытта заңсыз басып кіруден кейін масаң күйде қылмыстың жасалғанын ескерді. Бұл жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді".Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: