Түркістан облысында 850 млн теңге ұрлаған кәсіпкер сотталды

Сурет: freepik
Түркістан облысының Созақ аудандық соты мердігерлік ұйым - "Iri building" ЖШС-ның директоры Нұрлан Әбілдиновке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров 2024 жылғы 14 қарашада өткен брифингте атап өткендей, Нұрлан Әбілдинов 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішіндегі уран өндіруші кәсіпорынды модернизациялау жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені ұрлағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

"Оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматов ақша жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, сот оларға жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деді Данияр Биғайдаров.

Бұл ретте сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын тағайындады. Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды бірлесіп өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаевтың сотталғаны хабарлаған болатын.

Түркістан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін