Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру Халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне, атауына және индекстеріне, оның ішінде қорғаныстық пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы толықтыру енгізілді.
Жүрісті ұйымдастыру кезінде, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, жазғы кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі.
Жазғы кезеңде жүрісті уақытша шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
Тиісті жылдың 1 маусымынан 31тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 25 С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізіледі.
- Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы ұзындығы 128 км, учаскенің басы 68 км, учаскенің соңы-196 км.
Жаз мезгілінде:
- халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
- төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
- тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
- жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
- өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
- мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
- қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын;
- зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.
Көктемгі кезеңде жол жүрісін ұйымдастыру кезінде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізіледі.
Көктемгі кезеңде жүрісті уақытша шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Тиісті жылдың 23 наурызынан бастап 1 мамырына дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
Тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 сәуіріне дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
Көктемгі кезеңде:
- халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
- төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
- зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;
- азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
- жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
- дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
- мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
- қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.
Жазғы және көктемгі кезеңдердегі жүрісті уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы:
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Бұл ретте бұрын қолданыста болған Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы бірқатар бұйрықтардың күші жойылады.
Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.