"Арзан тауарлар чаты". Елордалық WhatsApp арқылы жұртты алдап, 3 млн теңгеге кеңелген

Сурет: unsplash
Күдікті елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін қылмыстық жоспар құрған. Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық прокуратурасы тұрғындарға мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды ескертеді.

"Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп, алаяқ ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған", делінген прокуратура хабарламасында.

Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсетті.

"Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды".Астана қаласының прокуратурасы

 Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндіріп алынғандығы нақтыланады.  

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді