Сот үкімі Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында шығарылды. Сотта әкімнің заң бұзушылығы анықталып, жер комиссиясының шешімінің күші жойылды.
Іс материалдарына сәйкес, Ескендіровтың сыбайластарымен бірге ЖШС-ға қатысушылардың рұқсатынсыз жалған хаттамалар жасағаны белгілі болды. Бұл құжаттар Бурабай ауданы тұрғындарына тиесілі жер телімдерін кепілге беруге пайдаланылған. Салдарынан жер телімдері тартып алынып, сыбайлас кәсіпорынның иелегіне өткен.
Соттың қаулысымен И-дің талабы қанағаттандырылып, жер телімін беруден бас тарту бөлігіндегі жер комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды, оның күші жойылды және И-ға жер телімін беру міндеті жүктелді.
Сонымен қатар, И-дің өтініші бойынша шешім қабылдау кезінде анықталған бұзушылықтарға байланысты, кінәлі тұлғаларға шара қолдану және алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, облыс әкімінің атына жекеше ұйғарым шығарылды.
Сот Е-ге бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде шартты жаза тағайындады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.