Ел аумағынан балықтың кейбір түрлерін әкетуге тыйым салу ұзартылады

Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны, өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін",- делінген құжатта.

Министрлік мәліметінше, балық өңдеу кәсіпорындарының қызметін талдаудың нәтижесі шикізаттың жетіспеушілігін анықтады, ал экспорттың жартысынан көбі мұздатылған өңделмеген балықты құрайды.

Мәселен, бүгінде бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тоннадан асады, алайда олардың жүктемесі 40% ғана.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 15 сәуірден 15 қазанға дейін өңделмеген түрдегі қөксерке мен жайын балықтарының экспорты шектелді, ол тағы жарты жылға ұзартылды (2024 жылғы 5 ақпаннан 5 тамызға дейін).

Тыйым салу аяқталғаннан кейін енгізілген шектеудің тиімділігіне талдау жүргізілді, талдау нәтижесі шектеуді ұзарту қажеттілігін көрсетті.

Өңделмеген балық экспортына шектеу қою балық ресурстарын сақтауға және тұрақты пайдалануға ықпал етеді, сондай-ақ қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдері өндірісінің өсуі де, шикізатты тиімдірек пайдалану есебінен рентабельділікті арттыратындығын пайымдаймыз.

Құжат 4 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты