Ақмола облысында ұшты-күйлі жоғалған екі адамның орналасқан жері анықталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол полиция қызметкерлеріне өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінген. Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Сондай-ақ 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен.


"Осы күндері облыста өткізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жоғалған адамдардың екеуінің де орналасқан жерін анықтады", делінген полиция хабарламасында.

Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспарлары туралы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға шақырады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео