Ақша бопсалаумен айналысқан атышулы Telegram арнаның әкімшілері ұсталып тынды

Сурет: pexels
Бас прокуратура 20 желтоқсанда ақша бопсалаумен айналысқан еліміздегі Telegram арналардың бірінің әкімшілері ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

"Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда".Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді.

2024 жылғы қарашада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, анонимді Telegram арналар өздерінің заңсыз әрекеттері үшін құқықтық алаңда жауап беруі тиіс екенін айтқан болатын.  

Қарағанды
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты