Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды

Сурет: polisia.kz
Алматының Индустриалды аймағында ер адамның денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесі электр беру желілері ішіндегі темірде ілулі тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі хабарлама авторы ер адамның қолдары артына қайырылып, байлаулы болғанын айтып, оны өлтіріп кеткен деп болжайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ZAKON.kz тілшісіне аталған ақпаратты растады: "Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы мен мотиві айқындалуда".

Бұған дейін желіде Алматы облысының Қызыл Қайрат елдімекенінде қараусыз қалған кірпіш зауыты ғимараты жанынан әйелдің денесі табылғандығы туралы ақпарат жарияланған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның 56 жастағы әйел екенін растады. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі