Түркістан облысында Омарбек Дүйсембекұлы атындағы полиция сыныбы ашылды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында полиция департаментінің бастамасымен жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын полиция сыныптары ашылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы ретте Созақ ауданы Шолаққорған ауылында орналасқан Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде, Ұлы отан соғысының ардагері, милиция майоры Омарбек Дүйсембекұлының атына "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Полиция департаменті Тәрбие және кадр басқармасы бастығының орынбасары Әшімхан Мырзаханов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов және ауданның барлық мекеме басшылары, ардагерлер мен қонақтар қатысты.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жиында сөз алған полиция полковнигі Нұрлан Мұратов , полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы баяндап, марқұм болған Омарбек Дүйсембекұлы жайлы Кеңес одағының батыры, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллиннің "Сұрапыл жылдар", "Майдан очерктері" деген кітаптарында жазылғындағын айтып, жылы естеліктермен бөлісті.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды. Шара соңында жоғары сынып оқушылары ант беріп, "Жас сақшы" қатарына қосылды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды