Түркістан облысында үш күнде 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 40-қа жуық қылмыс ашылды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының аумағында үш тәулікте полицейлер 38 қылмысты ашты, оның ішінде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың үш фактісі анықталды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған 3876 адамды тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, профилактикалық іс-шара аясында 2247 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 156 - сы қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін, 14 - і алкогольді өткізу талаптарын бұзғаны үшін және жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін-290 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ түнде ата-анасының қарауынсыз үйден тыс жерде болған 189 кәмелетке толмаған анықталды.

Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 21 жүргізуші, ал қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 бұзушы анықталды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Мысалы, Бәйдібек ауданында полиция қызметкерлері "Опель Вектра" көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік айыппұл тұрағына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жедел жағдайды сауықтыруға, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме