Әкімдіктер жыл сайын ТЖМ-ге азаматтық қорғаныс мүлкінің дайындығы туралы хабарлауға міндеттелді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 19 желтоқсандағы бұйрықпен жаңа редакцияда азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану ережелерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережелерге сүйенсек, азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.

Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.

Азаматтық қорғаныс мүлкін құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, ал тиісті аумақта төтенше жағдай қаупі туындаған және төнген кезде — төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын есепке алып айқындалады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүліктің, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.

Азаматтық қорғаныс мүлкін соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарында белгіленеді. Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта пайдалану төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында белгіленеді.

Азаматтық қорғаныс жоспарларында және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдастыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды