Қазақстанда "такс фри" пилоттық жобасы тағы бір жылға ұзартылды

Фото: pexels
Қаржы министрі тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға ҚҚС сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекітті ("такс фри" пилоттық жобасы), деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері ("такс фри" пилоттық жобасы) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылатындығы айтылды.

"Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі, егер сатып алынған тауарлардың құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын 20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраса, сатып алушыға "такс фри" құжатын (түбіртегін) толтырады және ұсынады.

Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде іске асырылады.

Пилоттық жобаның қатысушылары:

"Такс фри" жүйесі операторы бір уақытта мына талаптар сақталған:

"Такс фри" жүйесінің операторы сатып алушыға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда ғана банк шотына, немесе несие картасына немесе мобильді әмиян шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырады.

Сатып алушыға өтелетін қосылған құн салығының сомасы сауда қызметі субъектісі тауарларды өткізген кезде сатып алушыға есептелген және осындай адам "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша көрсетілетін қызметтің құнына азайтылған тауарлар бағасының құрамында төленген қосылған құн салығының сомасы ретінде айқындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды