Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау ережесі бекітілді

Фото: freepik
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен сараптамалық топ құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама тобы балаға қатысты масс-медиа және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылады.

Сараптама тобының төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері уәкілетті органның, баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сараптама тобы балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарайтын сараптама тобының қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Уәкілетті органның атына жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылған азаматтың не баланың заңды өкілінің өтініші балаға қатысты кибербуллинг фактісі туралы өтінішті қарау үшін негіз болып табылады.

Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

Өтінішті қарау мерзімі сараптама тобы төрағасының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен, өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар қажетті ақпаратты талап етуге байланысты күнтізбелік он бес күннен аспайтын уақытқа дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге немесе оның өкіліне хабарланады.

Балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталған жағдайда уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі нұсқаманы масс-медиа және онлайн-платформалар меншік иесіне және (немесе) заңды өкіліне жібереді.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне негiзделген және уәжделген жауапты мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тілде жолдайды.

Егер балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде сәйкес жауап жолдайды.

Бұйрық 2025 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті