Қазақстанда ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі жүргізілетін болады

Фото: senate.parlam.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік тізілімге ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар ұлттық мәдени игілік объектілері (ҰМИО) туралы мәліметтер енгізіледі.

Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.

Мемлекеттік тізілімге мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі.  

Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.

Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар беретін ҰМИО туралы мәліметтер:

ҰМИО туралы мәліметтерді уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қарайды.

Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.  

Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган көрсетілген мерзім iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Құжат 21 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды