Шымкентте қызметіне ақы алғысы келген экс-судья 7,5 жылға сотталды

Сурет: freepik
Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья мен тағы екі адамға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Сотта белгілі болғандай, сотталушылардың бірі танысының әйеліне оның күйеуіне бас бостандығынан айырмайтын жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген. Екінші сотталушы - заңгердің өтініші бойынша сотталушы осы сұрақпен Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жанат Мүсірәліге хабарласқан. Осылайша аталған үшеу әйел адамды адастырып, оның 110 млн теңгесіне қол сұққан. 

Сот сотталушылардың үшеуін де ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп таныды.

Судья Жанат Мүсірәліге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңгерге адвокаттың қызметімен айналысуға 7 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал үшінші сотталушы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Судья мен тағы екі күдіктіге қатысты іс қозғалғаны туралы 2024 жылдың желтоқсанында Антикор жариялаған болатын. 

2025 жылы 5 қаңтарда Қазақстанда 12 судья қызметінен айырылағанын жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін