Астанада бір мезетте автобус, жүк көлігі және қоқыс таситын көлік соқтығысты

Сурет: pixabay
15 ақпанда Астанадағы Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, Iveco маршруттық автобусының жүргізушісі Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, жолды кесіп өткенде "МАЗ" жүк көлігімен соқтығысқан.

"МАЗ" бар инерциясымен ұшып Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан, ал ол кезегінде Chevrolet Cobalt-ты түйіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру амалдары жүргізілуде", - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Алматыда 2025 жылы 8 ақпанда адам өліміне әкеліп соқтырған жаппай жол-көлік оқиғасы болған еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек

Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді