Қазақстанда әуе қозғалысын ұйымдастыру талаптары жетілдіріледі
Фото: unsplash
Көлік министрлігі Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мынадай өзгерістер ұсынылып отыр:
- Әуе қозғалысына қызмет көрсететін мамандардың жұмыс және демалыс уақытына қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Диспетчерлік қызмет көрсету рәсімдерін, соның ішінде әуе кемесі төмендегенде және қонуға бет алғанда, сондай-ақ онымен байланыс үзілгенде және қайта орнатылғанда қолданылатын рәсімдерді жетілдіру.
- Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде бақылау жүйелерін қолдануға, әуе кемелерінің орналасқан жері туралы хабарламаларды беруге және әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының өзара іс-қимылына қойылатын талаптарды нақтылау.
- Эшелондау минимумдарын қолдануға және әуеайлақтағы диспетчерлік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруға, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарын белгілеуге және таңбалауға қойылатын талаптарды жетілдіру.
- Терминологияны нақтылап, редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізу.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 25 қарашаға дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript