"Бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті": Алматыда жаппай жол апаты болды
Оң жақта жолдың шетімен жоғары жылдамдықпен құйғытып келе жатқан Subaru Forester көлігі, болжам бойынша, бір уақытта тайғанақтап кеткен. Өйткені жол жиегіне үйілген қар еріп жатқан.
Көлік жолдың жиегіне тоқтап тұрған Renault маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, көп тонналы жүк көлігі қозғалып, алдында тұрған басқа жүк көлігін киіп кеткен.
Сурет: Zakon.kz
Соққыдан кейін Subaru ұшып жол үстіне қайта түседі, сол кезде оны Audi A6 келіп соғады. Негізгі соққы Subaru-дың жолаушы отыратын тұсына сай келіп, көліктің алдыңғы жағына қатты зақым келді.
Жол апаты салдарынан алдыңғы орындықта отырған Subaru-дың жолаушыларының бірі оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, шетел азаматтарына тиесілі болып шыққанжол шетіндегі жүк көліктерінің жүргізушілерінің орналасқан жері анықталып жатыр. Болжам бойынша, жүк көліктері Эстонияда тіркелген.
Рысқұлов даңғылының шығыс бағыттында көлік кептелісі туындады. Апаттың мән-жайы нақтыланатын болады.
Бұған дейін Орал қаласында полиция қызметкері көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен болатын.