Оралда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті

Полицей, Орал, жаяу жүргінші, жол апаты, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 19:39 Сурет: polisia.kz
Оралда Меловые горки ауылы маңында болған жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, жол апаты 1 қаңтарда болған.

Жол апатына кінәлі Ақжайық ауданы ІІБ Көші-қон қызметінің қызметкері екені анықталды. Оның ауданнан тыс жерлерге шығуға рұқсаты болмаған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол апаты фактісін растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат жолдың жарық жүргізілмеген бөлігінде болған. Жүргізуші қарама-қарсы келе жатқан көліктің жарығы көзіне түскенін айтады. Медициналық куәландыру полиция қызметкерінің сау болғанын көрсетті.

Полицей жұмысынан босатылды, қызметтік тергеу тағайындалды.

Бұған дейін Алматыда белгіленбеген жерден өткен ер адамды көлік қағып, мерт еткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: