Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті

Жол апаты, Қарағанды, автобус, жаяу жүргінші, көктайғақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2024 14:14 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның бірінде жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазанда сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде қоғамдық көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

"Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

Өткен түнде елордада 140-тан астам жол апаты болып, 12 адам зардап шеккен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: