Алматы облысында жасөспірімнен 5 млн теңге бопсалаған қаскөйлер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы, Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны өз ұлын әлдекімдердің көлікке күштеп салып алып кеткенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД әйелдің сөзін келтіре отырып, 2025 жылы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткенін хабарлайды. Оның сөзіне қарағанда, күдіктілер баланы қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.

"Аталған фактіге сәйкес, бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің "жәбірленушінің жеке видеосын интернетте таратамын" деп қорқытып, бопсалағаны анықталды", – деді полицейлер.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 мың теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұған дейін Алматыда интернет арқылы баспана бойынша азаматтарды алдаған күдікті әйел ұсталғаны хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер