Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
2025 жылғы 26 ақпанда Алматы облысындағы тас жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаменті "Алматы-Астана" тас жолының 56 шақырымында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу шаралары қолға алынғанын нақтылады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртке оранған. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW-ның жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады