Жаппай төбелес кезінде жасөспірім көз жұмды: Ақтөбеде 10 адам сотқа тартылып жатыр

Сурет: pexels
Ақтөбеде кәмелетке толмағанды өлтірді деген күдікпен 10 адам сотқа тартылады. Бұл туралы ақпаратпен облыстық прокуратурасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) екі жасөспірімдер тобының арасында суық және атыс қаруын қолданумен болған төбелес кезінде орын алған. Салдарынан 8 жасөспірім атыс және пышақ жарақатын алып, бір кәмелетке толмаған - Ақтөбе қаласының тұрғыны қаза тапты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақаттарын салған.

Осы күні облыстық полиция пепартаментімен ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Облыс прокуратурасымен қылмыстық іс бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.

Полиция қызметкерлерімен жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 тұлға ұсталып, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды.

Сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы баяндамасымен  прокуратураға келіп түсті.

2025 жылы 26 ақпанда облыс прокуратурасымен айыптау актісі жасақталып, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

2025 жылы 26 ақпанда Алматыдағы сауда орталығында оқушылардың жаппай төбелесі болғанын хабарлағанбыз.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз