"Көлігін тартып алып, ақы талап еткен". Ақтөбеде ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде ақша бопсалаумен айналысқан бірнеше күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Күдіктілер 17 наурызда ұсталғаны белгілі болды. Ұстау операциясына Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жүзеге асырған.

Тергеп-тексеру барысында бұрын сотталған тұлғалар ойдан шығарған сылтаумен Ақтөбе тұрғынының автокөлігін тартып алғаны және оны қайтару үшін иесінен 2 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткені анықталды.

"Іс-шаралар кешенін өткізу барысында күдіктілер жәбірленушіден ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды. Ішкі істер органдарына барлығы 15 адам жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден газ тапаншасы, бірнеше патрон, жиналмалы пышақ және ақшалай қаражат тәркіленді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін сайтымызда Алматыда бірнеше аймақты қамтыған дропперлер тобы ұсталғанын жазғанбыз. 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін