Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі 100 мың сом айыппұл төледі

Сурет: Instagram/kairat_primberdiev_official
Қазақстандық youtube арналардың біріне берген сұқбатында Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрағап, артынан сол үшін қамауға алынған қырғыз әншісі Қайрат Примбердиев сот шешімімен 100 мың сом (шамамен 600 мың теңгеге жуық) айыппұл төледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеода айтады. Ал видео сипаттамасында: "Қазақ елінен кешірім сұрап, 100 000 сом айыппұл төледім" делінген.  

"...Осындай бір ағаттық жасап, Қырғыз елінің бюджетін 100 мың соммен толықтыруыма мүмкіндік берген Құдай Тағалаға мың да бір рақмет. Оразаларыңыз қабыл болсын", - дейді әнші видеода.

Айта кетсек, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жылдың қаңтарында әнші Қайрат Примбердиевті ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін қамауға алып, оның елден шығуына тыйым салды. Ол Қазақстандағы "Айран медиа" жобасына қатысып, бағдарлама кезінде қазақ ханы Кенесарының басын кескен қырғыз ханы үшін өз атынан кешірім сұраған. Кейін Қайрат Примбердиев кешірімді бүкіл қырғыз халқының емес, жеке өз атынан сұрағанын мәлімдеді.  

  

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады