ҚР елшіліктері мен СІМ Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге ЖСН береді

Сурет: gov4c.kz
СІМ, ІІМ және ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығымен 2025 жылғы 27 наурызда "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру және түзету" Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің тізбесі және пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілді.

Пилоттық жоба іске асырылатын ҚР шет елдердегі мекемелерінің тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асырудың негізгі мақсаты шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және Министрлік арқылы мемлекеттік қызметтер алуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шетелдік азаматтары үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері үшін жеке сәйкестендіру нөмірін ресімдеуге және оның нәтижелерін беруге өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы көрсетеді:

Министрлік арқылы:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.

Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне немесе Министрлікке жеке өзі жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

әлеуетті инвесторлар үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:

тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушылар үшін қосымша:

Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған шетелдік азаматтары үшін қосымша:

ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шет мемлекеттің балалары үшін (16 жасқа дейін) қосымша:

мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтары үшін қосымша:

мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:

өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілері үшін қосымша:

Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

Бұйрық 2025 жылғы 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты