Кедендік шекара арқылы өткізу кезінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың өлшемдерін өзгерту жоспарлануда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржы министрлігі Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне өзгерістер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 560-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарын белгілейді.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, егер:

- төменде көрсетілген тауарлар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның тауарларды өткізу жиілігі жылына 1 (бір) реттен аспаса және саны мынадай көрсеткіштен аспаса:

- өзге де тауарлар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспаса жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Жобаның мақсаты жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу жиілігін бақылау болып табылады.

Жоба 22 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады