Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің атауы өзгертіледі

Сурет: pxhere
Көлік министрлігі Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба Қазақстан Республикасы тарапынан "Камышановка" өткізу пунктінің атауын "Ақсу" деп ауыстыруды көздейді.

Бұдан бөлек, "Камышановка" өткізу пунктінің жұмыс тәртібін "тәуліктің жарық уақытынан" "тәулік бойына" ауыстырылады.

Сондай-ақ "Камышановка" және "Бесағаш" өткізу пункттерінің мәртебесін "екіжақтыдан" "көпжақты халықаралық" ретінде өзгертіледі.

"Жоба Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауар айналымыг ұлғайту және Орталыз Азия аймағы мемлекеттерінің туристік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытталған",- делінген түсіндірмеде.

Хаттама жобасын қабылдаудан алынған нәтижелер халықаралық шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде күтіледі.

Құжат 29 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін