Атбасар ауданының полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған азамат келіп, арыз түсірген. Оның айтуынша, қаскүнемдер бірнеше жыл бұрын инвестиция түрінде салып, айырылып қалған ақшасын қайтару үшін өзіне заңгерлік көмек ұсынған.
"2021 жылы арызданушы жеке ақшасын инвестицияламақшы болып, шешім қабылдайды, бірақ ақырында одан табыс таппақ түгілі, өз ақшасын қайтара алмай қалады. Осы жылдың мамыр айында сайттардың бірінде осындай жағдайға тап болған азаматтарға көмектесуге уәде берген заңгерлердің өз қызметтерін ұсынған ақпаратқа тап болады. Жалған заңгерлерге сеніп, ақмолалық сегіз микроқаржы ұйымынан несиелер рәсімдеп, барлық ақшаны солардың қолына ұстатқан. Залал көлемі 3 324 500 теңгені құрады". Ақмола облысы ПД
Полиция азаматтардан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде онлайн-кеңес алу және әртүрлі "мамандармен" сөйлесу кезінде қырағы болуды сұрайды. Ақшаны үшінші тұлғаларға аударуға немесе ол үшін несие алуға болмайды.
Бұған дейін алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі ел азаматтарына шетелден жұмыс іздеу және Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу кезінде аса мұқият болу керектігін ескерткен болатын.