"Жүргізуші мас болған". Сәтпаев қаласында жантүршігерлік жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 25 мамырында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Жүргізуші жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Абай көшесіндегі дәмхананың жанында болған, деп хабарлады полиция департаменті.

"Полиция қызметкерлері мас күйінде болған жүргізушіні дереу ұстады", – дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Полиция қазіргі уақытта жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді.

"Іс бойынша материалдар сотқа жолданды және жақын арада тиісті шешім қабылданатын болады. Тергеу барысы облыс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ПД-дан.

10 мамырда Алматыда жасөспірім BMW-мен жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін