Павлодар облысында полицейлер биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Екібастұзда тоғыз қабатты үйдің төбесінен секірмек болған ер адам полицейлердің шалт әрекеті арқасында құтқарылды. Оқыс оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полицейлер қызметі барысында Мұхтар Әуезов көшесіндегі төрт қабатты үйдің төбесінде тұрған ер адамды байқаған.


"Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін екі адамның өмірін жалмап, тағы 14 адамның зардап шегуіне түрткі болған Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды