Қазақстанда аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетудің жаңа стандарты бекітілді

Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2025 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен ҚР-да халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аллергиялық аурулары және иммундық жүйенің туа біткен ақаулары бар (ИЖТА) пациенттерге медициналық көмекті "Аллергология және иммунология" (ересектер, балалар) (аллерголог-иммунолог дәрігер) мамандығы бойынша бейінді маман көрсетеді.

Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Аллергология және иммунология" кіші түрі бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.

Аллергиялық және иммунологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсету КХ ұсынымдарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда дәлелділік қағидаттарына негізделген халықаралық ұсынымдарға негізделген жүйелі тәсілге сәйкес жүзеге асырылады.

Халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек мынадай көлемде көрсетіледі:

- жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде;

- ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

Халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

Медициналық көмек көрсетудің деңгейлері, түрлері, нысандары және оны көрсету шарттары бөлінісінде тәртібі

Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда беріледі:

Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмектің барлық деңгейлерінде көрсетіледі.

МСАК-ті аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге МСАК мамандары: жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, кеңейтілген практика (жалпы практика) мейіргерлері, учаскелік мейіргерлер, әлеуметтік қызметкер және денсаулық сақтау саласындағы психолог көрсетеді.

МСАК дәрігері асқынбаған ағымы бар ИЖТА мен жеңіл аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады.

Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда аллерголог-иммунолог дәрігер көрсетеді және арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикалауды, емдеуді, сондай-ақ медициналық оңалтуды жүргізуді қамтиды.

Үшінші деңгейдегі мамандандырылған аллергологиялық-иммунологиялық көмекті аллергиялық аурулармен және ИЖТА-мен ауыратын пациенттерді заманауи диагностика және емдеу мүмкіндіктері бар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар көрсетеді.

Аллерголог-иммунолог дәрігердің қабылдау/консультация беру уақытының нормативі пациенттің жай-күйіне байланысты бір пациентке 40 минутты құрайды.

Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек пациенттің бекітілген жері бойынша емханада (күндізгі стационар) немесе МСАК маманының жолдамасы бойынша үйде (үйдегі стационар) көрсетіледі.

Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:

Үйде стационарда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:

Екінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:

Үшінші деңгейдегі стационарды алмастыратын жағдайларда аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:

Стационарды алмастыратын жағдайларда емделіп жатқан пациенттер дәрігердің күнделікті қарап-тексеруге жатады.

Жай-күйі жақсарған кезде және стационарды алмастыратын жағдайларда байқауды қажет етпейтін, терапияны жалғастыру қажет болғанда пациент бекітілген жері бойынша МСАК мамандарына амбулаториялық жағдайда одан әрі емдеуге жіберіледі.

Стационарды алмастыратын жағдайларда пациенттің жағдайы нашарлаған кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент тәулік бойы стационарға жіберіледі.

Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациентке күндізгі стационардан шығару кезінде қорытынды клиникалық диагнозы, жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдеу іс-шараларының көлемі, одан әрі байқау және емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетілген үзіндіден көшірме беріледі.

Ауыр аллергиялық ауруды емдеу үшін жүкті әйелді емдеуге жатқызу немесе жүктіліктің 36 аптасы 6 күніне дейінгі мерзімде акушерлік асқынулар болмаған немесе шамалы ауырлығы болған кезде ИЖТА кезінде асқынудың дамуы стационарлық жағдайларда аллергология-иммунология мамандандырылған бөлімшесіне немесе соматикалық төсектерге\пациенті аллерголог-иммунологпен қадағалап жүргізе отырып, көп бейінді стационар бөлімшесіне, жүктіліктің 37 аптасынан бастап асқынулар акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

Жүкті әйелде ауыр аллергиялық-иммунологиялық аурулар болған кезде аллерголог-иммунолог дәрігер акушер-гинекологтармен бірге босану әдісі мен деңгейі туралы комиссиялық шешім қабылдау мақсатында консилиумға қатысады.

Аллергологиялық және иммунологиялық төсектер республика бойынша орта есеппен 10 000 балаға шаққанда 0,2 төсекті және 10 000 ересек халыққа шаққанда 0,1 төсекті құрайды (*өңір деңгейінде халықтың құрылымы мен санына қарай төсектерді есептеу көзделеді).

Бұйрық 2025 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты