Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекемесінің қызметі тоқтатылды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді. Оның барысында 12 құрылыс мекемесі заңсыз рұқсат алғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды.

Бұған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы мал жаюға пайдалануға берілгені хабарланған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді