Алматыда жасөспірім тізгіндеген Lexus бар жылдамдығымен құрылыс техникасы астына "кіріп" кетті

Сурет: Zakon.kz
9 маусымда Алматыда Сайын көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды. Lexus GS құрылысқа арналған техника - Mercedes-Benz Actros маркалы бетон сорғысы көлігінің астына "кіріп" кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

"Автоцонға" қарама-қарсы жолда келе жатқан көліктің жүргізушісі кенеттен екінші қатардан солға бұрылуды жөн көреді.

Оның артынан келе жатқан Lexus GS маркалы автокөлік жүргізушісі одан мұндай маневрді күтпеген деп болжанады.

Тас жол бетіндегі доңғалақ ізінен оның соқтығысуға дейін 10 метр бұрын тежегішті басып, тоқтауға тырысқанын байқауға болады.

Бірақ онысынан түк шықпады. Автокөлік, бейнелеп айтқанда, құрылыс техникасының астына "кіріп" кетті.

Сурет: Zakon.kz

Соққының күшті болғаны соншалықты, Lexus-тың төбесі "туралып" түскен.

Арнайы көлік жүргізушісінің айтуынша,  Lexus тізгінінде жасөспірім болған, жанында құрдастары да отырыпты. Олардың барлығына медициналық көмек қажет болғаны белгілі.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметі келді, олар Lexus-тан зардап шеккендердің бірін алып шықты.

Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды