Келіні көзі көрмейтін мүгедек енесінің атынан бірнеше несие рәсімдеп, төркініне кетіп қалған

Сурет: pexels
Жамбыл облысында көзі көрмейтін мүгедек әйел алаяқтық құрбаны болды. Оны тақырға отырғызған өз келіні болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мойынқұм аудандық соты мәліметінше, әйел адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша жаза тағайындалды.

Сот 2025 жылдың наурызында келіні енесінің екі көзі көрмейтін мүгедек екенін біле тұра, "ЭЦҚ ашып беремін" деген сылтаумен ұялы телефонын иеленіп, оның атынан бірнеше несие рәсімдегенін, одан соң өзі Алматы қаласына кетіп қалғанын анықтады.

Осылайша, келіні жақын адамына 514 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, іс бойынша дәлелдемелерді дауламады және қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласқанын көрсете отырып, соттан жазаны жеңілдетуді сұрады.

"Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша әйел адам кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді". Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін Жамбыл облыстық экология департаментінің басшысы сотталғаны хабарланған

Тараз
Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды