"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы қандай номинациялар бойынша табысталады

Фото: Zakon.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша табысталады:

  1. Әдебиет
  2. Ғылым
  3. Дизайн және бейнелеу өнері
  4. Журналистика
  5. Классикалық музыка
  6. Қоғамдық қызмет (бұрын – "Креативті бастамалар")
  7. Спорт
  8. Театр және кино
  9. Эстрада
  10. Халық шығармашылығы

Бірінші кезеңде үміткерлерді жан-жақты қарастыру үшін комиссия мүшелерінен 6 секция құрылады:

Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең түскен жағдайда төраға жақтаған шешім қабылданған болып саналады. Қажетті дауыс саны жетпесе, сыйлық берілмейді. Жиналысқа комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

Конкурс нәтижелері бойынша хаттаманың жобасы уәкілетті органның интернет-ресурсында 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

Комиссия шешімі негізінде уәкілетті орган сыйлық беру туралы бұйрық шығарады.Бұйрық БАҚ пен интернет-ресурстарда жарияланады. Жеңімпаздарға марапат салтанатты түрде табысталады.

Ақшалай сыйақы лауреаттың банк шотына бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде аударылады.

Министрлік түсіндіргендей, қоғамдық қызмет жастардың азаматтық белсенділігін арттырады. Белсенді жастарды қолдау – олардың ары қарай дамуына, қоғамға үлес қосуына және басқа жастарға шабыт болуына ықпал етеді.

Мұндай қызмет түрлеріне жатады:

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылымда, шығармашылықта, спортта және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына жыл сайын табысталады. Үміткерлер – республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері немесе өз саласының дамуына үлес қосып жүрген инновациялық тұлғалар болуы тиіс.

Бұйрық 2025 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді