Өткен айда ел шекарасынан 346 дана діни кітапты заңсыз алып өтпек болғандар тұтылған

Сурет: unsplash
ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы маусым айындағы іс-қимыл нәтижелерімен бөлісті. Оған сәйкес, бір ай ішінде шекара кеңістігінде 5 359 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 5 359 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды тіркеді. Оның 4 696-сы - шетел азаматтары.

Сондай-ақ Шекара қызметі қызметкерлері мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды, соның ішінде:

"Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: 25 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; алды алынған залал сомасы шамамен 34 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұған дейін Ресеймен арадағы шекарада көлік кептелісі туындап, Қазақстан полициясы үндеу жасаған болатын.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды