Астанада Перизат Қайрат ісіне қатысты сот отырысы басталды

Сурет: Instagram/01pk
Астанада 2025 жылы 9 шілдеде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тыңдалым барысында күдіктілер БАҚ өкілдерінің процеске қатысуына қарсы екендерін білдірді. Сонымен қатар олар сот отырыстары кезінде фото және видео түсірілімге тыйым салуды талап еткен.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі соттың отырыстың ашық не жабық өтетіні жөнінде шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін хабарлады.

Бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын жариялаған. 2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.

Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты