Польшаға жолдама: Павлодар облысында туризм саласында алаяқтар белсенділік танытуда

Сурет: polisia.kz
Құқық қорғау өкілдері павлодарлықтарды туризм саласындағы алаяқтық жайынан құлағдар етіп, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, облыс аумағында туризм саласындағы алаяқтық белсенділік танытуда. Осындай бірнеше факті тіркеліп те үлгерді.

Мәселен, бір жас жігіт "тиімді тур" үшін танысына шамамен 400 мың теңге аударған, "досы" оған жеңілдікпен жолдама рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Алайда ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай қойған. Басқа жағдайда ер адам Польшаға жұмыс істеуге бармақ болып, интернеттегі "көмекшінің" сөзіне сеніп, ақшасынан айырылған.

"Алаяқтар мессенджерлер арқылы байланысқа шығып, өздерін туристік агенттіктердің қызметкерлері немесе делдалдар ретінде таныстырады. Олар азаматтарды "мүмкіндікті жіберіп алмау үшін" тез шешім қабылдауға итермелейді", делінеді полиция хабарламасында.

Полиция арзан бағаға елітіп, эмоцияға берілмеуге шақырады:

Бұған дейін көлік сатып алмақ болған Ақмола облысының тұрғыны алаяқтық құрбаны болып, ақшасынан қағылғанын жазғанбыз

Павлодар
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі