Көлік сатып алмақ болған Ақмола облысының тұрғыны ақшасынан қағылды

Кілт, көлік, Ақмола облысы, алаяқтық, жалған хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2025 09:45 Сурет: pixabay
Көлік сатып алмақ болған Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың тұзағына түсіп, ақшасынан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтық полиция департаменті жарнама сайты арқылы жасалған алаяқтық фактісін әшкерелегендерін хабарлады. 

2025 жылғы 18 наурызда аудан орталығының 23 жастағы тұрғыны құқық қорғау органдарына көмекке жүгінді. Ол жарнама сайттарының бірінен тартымды бағамен ұсынылған көлікті көргенін айтады. "Сатушымен" байланысып, көлікті сатып алуға келісіп, алдын ала төлем ретінде оның шотына 750 мың теңге аударады. Алайда, ақша алғаннан кейін онымен байланыс үзіледі.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Қарағандының 67 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, дәлелдемелер жиналуда". Ақмола облысының полиция департаменті

Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін мынандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді:

  • ешқашан бейтаныс адамдарға алдын-ала төлем жасамаңыз, әсіресе тауарға кепілдік берілмеген жағдайда;
  • "шұғыл" ұсыныстарға беріліп, асығыс шешім қабылдамаңыз;
  • егер тауардың бағасы төмен болса, күдіктенуге болады, алаяққа тап болуыңыз мүмкін.
  • ақшаңызға ие болып, ақылға салыңыз, ол - қылмыстық шабуылдарда ең жақсы қорғаныс.

Бұған дейін Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталғаны хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: