Қытайдан көлік сатып алмақ болған қазақстандықтың шекарада ақшасы тәркіленді

Жетісу облысының тұрғыны Қытайдан көлік сатып алмақ болып, ақшасының біраз бөлігінен айрылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Жоғарғы сотының мәліметінше, Қытайдан көлік сатып алмақ болған Жетісу ауданының тұрғыны валюта айырбастау пунктінен 47 300 АҚШ долларын сатып алған. Бұл ақша "Нұр жолы" өткізу бекетінде кедендік тексеру кезінде оның қол жүгінен табылған.
"Кеден заңнамасына сәйкес азамат 10 мың АҚШ долларынан аспайтын ақша алып жүруге құқылы. Осы шектен асатын сомалар міндетті түрде жазбаша декларациялануға жатады",- делінген ақпаратта.
Нәтижесінде іс сотқа жетті.
"Жетісу облысының Панфилов аудандық соты тасымалданған ақшалай қаражатты рұқсат етілген мөлшерден асырып жіберген құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс материалдарын зерделей келе, оның осы соманың жартысы екі досқа тиесілі екендігі туралы түсініктемелерін есепке алмаған, себебі бұл туралы дәлелдемелер ұсынылмаған". ҚР Жоғарғы соты
Ұлттық банктің мәліметінше, заңбұзушылық орын алған кезде АҚШ долларының бағамы 484,19 теңге болған.
Құқық бұзушылықтың сипаты мен белгіленген мән-жайларды ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза – мемлекет пайдасына 37 300 АҚШ доллары тәркіленіп, 4,5 млн теңге айыппұл салынды
Міндетті декларациялау шегінен аспайтын 10 000 АҚШ доллары құқық бұзушыға – иесіне қайтарылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript